Талдықорғанда өткен Президент шыршасына Жетісу облысының екі қаласы мен 8 ауданынан 200 оқушы қатысты. Олардың қатарында дарынды балалар, пәндік олимпиада жеңімпаздары, ғылыми жоба авторлары, көпбалалы шаңырақтан шыққан бүлдіршіндер мен ата-ана қамқорынсыз қалған жеткіншектер бар.
Жаңажылдық кеште кішкентай қонақтар ертегілер мен танымал мультфильм кейіпкерлермен қауышып, көңіл көтеріп, Мемлекет басшысының ақ жарма тілегін тыңдады.
Айша Алжанбек, Оқушы:
Президент шыршасына Жаркент қаласы, Басқұншы ауылынан жалпы білім беретін мектептен келіп отырмын. Біз үйде көп балалы болғаннан кейін және сабағымды үздік оқығаннан кейін осы шыршаға қатысып отырмын. Біз үйде сегіз қызбыз. Бір-бірімізбен татумыз. Достарыма тілейтінім - досқа адал болыңдар. Бір-біріңді сатпаңдар. Аспанымыз ашық болсын, жаңа жыл құтты болсын!
Қуаныш Қанатұлы