Ақтау маңында құлаған ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша 1988 жылғы Сәндібек Төлесінов, 1985 жылғы Бауыржан Жұмағұлов, 1978 жылғы Галина Махсудова Маңғыстау облысының тұрғындары.
Сондай-ақ Гаухар Шәймерденова мен оның 11 жасар ұлы Эльдар Жұмағат Астана қаласының тұрғындары. Ал 29 жастағы Сәлима Жутаева Қостанай облысында туған, Қарағанды қаласында тұрған.
Еске салсақ, кеше Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Қазақстан аумағында апатқа ұшырады. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған.
Қаракөз Тұрмағанбет