Астанада такси қызметімен заңсыз айналысқан 42 шетелдік азамат елден шығарылды. Полиция қызметкерлері мобильді қосымшаларды пайдаланып, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан шетелдік азаматтарды анықтады.
Жедел алдын алу шарасы аясында 95 шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны белгілі болды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 40-тан астам адам сот шешімімен елден шығарылған. Сонымен қатар заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартумен айналысқан 34 жұмыс беруші анықталған. Олардың кейбірі тиісті рұқсатсыз автокөліктерді жалға берген.
Қаракөз Тұрмағанбет