Өзбекстанның ДСҰ кіру үдерісі аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның ДСҰ кіру үдерісі аяқталуға жақын

26.12.2024

Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Бүгінде АҚШ, Қытай секілді алпауыт елдермен ұйымға қосылу бойынша келіссөздер аяқталды.

Бас-аяғы 22 елмен келіссөз жасалды. Енді Ресей, Ұлыбритания, Швейцариямен және Еуро Одақпен келіссөздер аяқталуы тиіс. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау шаралары жалғаса бермек. Адал бәсекелестік аясында жұмыс істеу үшін барлық жағдайды жасау қарастырылған.

Ел президенті Шавкат Мирзиёев Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу жоспарын «әбден ойластырылған және көреген таңдау, реформалардың ажырамас бөлігі» деп атады. Келер жылы Өзбекстан жеміс-жидек пен көкөніс экспортынан миллиардтаған доллар табыс тауып, жасыл энергияны дамытуды көздеп отыр.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:

Энергетика саласына соңғы 5 жылда шетелден 20 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Келешекте жаңартылған энергия көлемін 54 пайызға дейін арттыру жоспары бар. "Жасыл" энергияның өндірістегі үлесін ұлғайту экономиканы өркендетудің кепілі.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу