Ұшақ апатынан аман қалған жолсеріктің туыстары сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан аман қалған жолсеріктің туыстары сұхбат берді

26.12.2024

Ал ұшақ апатында аман қалғандардың бірі – жолсерік Зульфугар Асадов. Бұл туралы оның жақындары теледидардан білген. Қазір ол Ақтаудағы ауруханада жатыр. Онымен жақындары телефон арылы хабарласып, амандығына көз жеткізген.

Назакат Асадова, апаттан аман қалған Зульфугар Асадовтың әйелі:

Балам ұшақтың құлағанын айтты. Біздің үйге туыстарымыз, көршілеріміз түгел жиналды. Оның тірі екенін теледидардан көрдік.

Нурлан Асадов, апаттан аман қалған Зульфугар Асадовтың ұлы:

Әкеммен телефон арқылы байланысып, жағдайын сұрадым. Ол өзінің жағдайы жақсы екенін жеткізіп, уайымдама деді. Оның тек басы, белі, аяғы сәл жарақаттанған.

Темірлан Нұрсолтан


Хабарламаларға жазылу