Ал ұшақ апатынан аман қалған Ресейдің 9 азаматы Мәскеу маңындағы Жуковский әуежайына жеткізіліп, ауруханаларға орналастырылды. Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр. Қалғанының жағдайы орташа, арасында бір бала бар. Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың өкілі, қазақстандық мамандардың науқастарға жоғары дәрежеде медициналық көмек көрсеткендерін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, ұшақ апатынан Ресейдің жеті азаматы қаза тапты.
Индира Бегайдар