Ұшақ апатында асыраушысынан айырылған отбасыларға 5 млн теңге бірреттік төлем беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатында асыраушысынан айырылған отбасыларға 5 млн теңге бірреттік төлем беріледі

27.12.2024

Апатқа ұшыраған ұшақтың экипажы Ақтаудағы әуежайға екі рет қонуға талпынған. Ал Ақтау әуежайы сол кезде ұшақты қабылдауға дайын болды. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның брифингінде Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Сондай-ақ, оқиға орнында екінші қара жәшік табылды. Оны тексеруге екі апта уақыт кетеді.

Үкіметтік комиссияның мүшесі Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, экипаж ұшақты екі рет қондыруға тырысқан. Алайда биіктік пен бағыт күрт өзгерген. Дегенмен Қазақстанның әуе кеңістігіне кіргенге дейін барлық апаттық қызмет ұшақты қабылдауға дайын тұрған.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Ұшақ апатында Қазақстанның авиация саласындағы барлық кәсіпорны «КазАэроНавигация» диспетчерлері, Ақтау әуежайының қызметкерлері жоғары кәсіби біліктілігін көрсетті. Нақты үйлесімді және жедел жұмыс істеді. Алғашқы қоңырау 10:43-те аудандық диспетчерлік орталығының қызметкерлеріне келіп түсті. Ростов диспетчері Грозный қаласынан қосымша әуежайға кетіп бара жатқан «Эмбраер» әуе кемесі туралы хабарлады. Қазақстанның әуе кеңістігіне өткенге дейін ұшақтың басқару жүйесі мен руль істен шықты.

Ұшақ апатынан зардап шеккен Қазақстандық азаматтардың отбасыларына әлеуметтік төлем тағайындалады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ахмади Сарбасовтың айтуынша, егер отбасында табыс тауып отырған адам қаза тапқан болса, 5 млн теңге бірреттік төлем беріледі. Үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев барлық жауапты қызмет жетекшілері жұмысты жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Сондай-ақ Вице-Премьер Ресей мен Әзербайжан елдерінің құқық қорғау органдары криминалистикалық тергеуге жіберілмейді. Бірақ олар ұшақ апаты бойынша тергеуге қатыса алатынын айтты. Ал оқиға орнынан табылған қара жәшіктерді оқуға шамамен екі апта уақыт қажет.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Үкіметтік комиссияның төрағасы:

Ертең «Эмбраер» компаниясының өкілдері мен бразилиялық өндірушілерді күтіп отырмыз. Оқиға болған жердегі ұшақтың қирандыларын қалай құлады сол күйінде сақтап қойдық. Аумақ қоршалған. Ешкім кірмейді. Бұл талап бойынша оларға оқиғаны зерттеуге көмектеседі.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу