Биыл ел игілігі үшін бірқатар маңызды заң қабылданды. Мемлекет басшысы 4 мыңға жуық құжатты қарап, қол қойды. Яғни, 95 заң, 319 жарлық, 81 өкім, 28 отырыс хаттамасы мен 3 456 қызметтік құжат қабылданды.
Соның ішінде Ұлттық құрылтайдың бастамасымен Парламент 9 заңды мақұлдады. Атап айтқанда, әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту туралы заң, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика туралы заң қабылданды.
Сондай-ақ, Президент вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы құжатқа қол қойды. Бұл заң жобаларын әзірлеуге Парламент депутаттарымен қатар, Ұлттық құрылтай мүшелері де белсенді атсалысқан.