Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы бірқалыпты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы бірқалыпты

27.12.2024

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқастың жағдайы бірқалыпты және білікті дәрігерлердің бақылауында. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жалпы жағдайды тікелей байланыста баяндауға әзір.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Біз қазір Маңғыстау облыстық аурухананың алдында тұрмыз. Мұнда ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем қабылдап жатыр. Үшеуі Әзербайжан, үшеуі Қырғызстан елінің азаматтары. Оның 4-еуі қазір жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Қалған екі науқас травматология бөлімінде, жағдайлары орташа. 25-і күні жансақтау бөліміне түскен 11 науқастың барлығы травматикалық шок деген диагнозбен келген. Қазір менің жанымда медициналық қызмеь сапасын қадағалау бөлімінің басшысы Жанар Байманова тұр. Жанар ханым, науқастарға қандай ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр?

Медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімінің басшысы Жанар Байманова ем-дом шаралары туралы және алдағы болжам туралы айтты.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу