Жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушы қызға қатысты қылмыстық іс бойынша 5-ші айыпталушыға сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушы қызға қатысты қылмыстық іс бойынша 5-ші айыпталушыға сот үкімі шықты

27.12.2024

Қызылордада жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушы қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі әлі жалғасып жатыр. Осы оқиғаға қатысы бар 5-ші айыпталушыға сот үкімі шықты.

Қоғамдық реознанс тудырған іс жабық сот отырысында қаралып жатыр. 31 жастағы ер адам жәбірленуші кәмелет жасқа толмаған қызды бірнеше мәрте психотроптық заттарды тұтынуға мәжбүрлеп, есірткі наша беріп келген. Айыпталушының кінәсі сотта дәлелденіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу