АӘК қажеттігін анықтайтын комиссия қызметі цифрландырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АӘК қажеттігін анықтайтын комиссия қызметі цифрландырылады

27.12.2024

Келер жылдан бастап отбасылардың атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығын анықтайтын учаскелік комиссиялар қызметі цифрландырылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері айтты. Ол үшін арнайы FSM Social мобильді қосымшасы әзірленген. Жоба биыл 1 қарашадан бастап пилотты режимде Қонаев қаласында іске қосылған. Ал келесі жылдан бастап бүкіл ел аумағына енгізу жоспарланып отыр.

Асқар Аймағанбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, департамент директоры:

Осы төртінші тоқсанда өтініш берген Алматы облысында 4 мыңға жуық өтініштер түсті. Солардың 30 пайызы ғана қазіргі таңда мобильдік қосымша арқылы тексеру жұмысын бастады. Бұл тек бір облыстық төңірегінде жасалып жатқан жағдайлар болғасын жаңа жылдан бастап бүкіл Қазақстанда енгізілетін болады.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу