Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен 6 адам ауруханада жатыр, екеуінің жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен 6 адам ауруханада жатыр, екеуінің жағдайы ауыр

27.12.2024

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шегіп, ауруханада ем қабылдап жатқан науқастың аты-жөні, қай елдің азаматы екендігі анықталды. Соңғы ақпаратты тікелей байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт баяндайды.

Дәл қазіргі уақытқа зардап шеккендердің жағдайы қалыпты. Ауруханада жатқан алты науқастың біреуінің аты-жөні мен қай елдің азаматы екендігі анықталды. Ол 20 жастағы Әзербайжан елінің азаматшасы екен. Мұны туысқандары растап отыр. Ал жансақтау бөлімінде жатқан төрт науқастың жағдайы әлі ауыр хәлде. Олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Жалпы медициналық жұмыстарға республикадан білікті тоғыз маман тартылып, солардың ұсыныстары негізінде барлығы қажетті ем-шараларды толық көлемде алып жатыр. Осыған қатысты дәрігерден сұқбат алған едік. 


Бақытжан Қойбеков, Жансақтау бөлімінің жетекшісі:

Жансақтау бөлімінде төрт науқасымыз қалды. Барлығының жалпы жағдайы ауыр. Қазір керекті ем-шараларын алып жатыр. Оның ішінде бір науқасымыз өте ауыр жағдайда. Келгендегі диагнозы бас миының шайқалуы. Сол кездегі науқастардың барлығы травматикалық шокпен келді.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Ал травмотология бөліміндегі екі науқастың жағдайы орташа. Ақ халаттылар қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз дейді. Әзірге бар ақпар осы.



Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу