Үкіметтік комиссия құрамындағы Денсаулық сақтау вице-министрі науқастардың жағдайын айтып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік комиссия құрамындағы Денсаулық сақтау вице-министрі науқастардың жағдайын айтып берді

27.12.2024

Ауруханада жатқан 6 адамның өзге елдің азаматтары екені белгілі. Біз қазір Үкіметтік комиссия құрамындағы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовпен байланысқа шықтық. Тимур Мұратұлы, қайырлы кеш! Науқастардың жағдайы ауыр екенін де білеміз. Оларды қазір өз еліне жеткізу қиын тудырмай ма?

Тимур Мұратов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Жалпы, шетел азаматтарын өз еліне қайтару жұмысы сол елдің өзінің бастамасымен жүргізіледі. Өздеріңізге белгілі біздің осының алдында Ресей және Әзербайжан азаматтары өз елдеріне қайтарылған болатын. Өйткені олардың жағдайы тұрақтандырылып және тасымалдауға қажетті мүмкіндік алғаннан кейін оларды аман-есен еліне жөнелттік. Ал, қазіргі жатқан науқастардың жағдайы Қырғызстанның екі азаматын да тасымалдауға мүмкіндік бар. Сондықтан қазір Қырғызстаннан дәрігер әріптестеріміз келе жатыр солармен ақылдасып, олардың қалай елге қайтатыны туралы сұрақты шешетін боламыз. Ал, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар туралы бұндай болжам жасау қиын. Сондықтан олардың толық сауығып шығуын күтетін боламыз.

Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр

Қазір Ақтауда Президент тапсырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы және Бас көлік прокуроры бар. Айта кетейік, ұшақ құлаған күні Ақтауға Астанадан білікті мамандардан құралған дәрігерлер тобы барды. Ал Маңғыстау облыстық ауруханасы күшейтілген режимде жұмыс істеп, зардап шеккендерге ота жасады. Қазақстандықтар қан тапсыру үшін кезекке тұрды. Апаттан аман қалған Әзербайжан азаматтары қиын сәтте көмектескен құтқарушылар мен дәрігерлерге алғысын айтып, еліне қайтты.



Нұрсұлтан Нұрсейіт 


Хабарламаларға жазылу