Қазақстан Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы жаңа жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды. БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы осы жылғы инвестиция тарту туралы есебін жариялады.
Еліміз биыл жаңа жобаларға 15,7 млрд доллар тартқан. Өсім өткен жылмен салыстырғанда 88%-ға жетті. Облысқа тартылған барлық инвестицияның 63 пайызы біздің елге тиесілі. Екінші орынға 4 млрд доллармен Өзбекстан жайғасты. Қырғызстан 2,1 млрд доллар, Әзербайжан 1,2 млрд доллар, Түркіменстан 339 млн доллар, Грузия 126 млн доллар, Арменияға 67 млн доллар инвестиция құйылды.
Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан тұрақты өсу мен жаңа мүмкіңндіктер алаңына айналып, ірі шетелдік инвесторлардың назарын аударуды жалғастыруда. Биыл елде шетелдік инвесторлар кеңесі мен Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтті. Осылайша еліміз өңірдегі негізгі инвестициялық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтты.
Динара Жарқынбек