Арт спорт: Қызылордада кәсіпкерлер мемлекетке 450 млн теңге залал келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арт спорт: Қызылордада кәсіпкерлер мемлекетке 450 млн теңге залал келтірген

28.12.2024

Қызылорда облысында «Арт спорт» үйірмелеріне бөлінген мемлекет қаражатын кейбір кәсіпкерлер заңсыз иемденген. Прокурорлық қадағалау барысында олар ел қазынасына 450 миллион теңге залал келтіргені анықталып отыр.

Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жаңақорған ауданындағы спорттық және шығармашылық үйірмелер өрескел заң бұзушылықтарға барған. Мәселен, Шиеліде бұрынғы мектеп директоры ауыл балаларын заңсыз тіркеп, 13 миллион теңгеден аса бюджет қаржысын қолды қылған. Ал Жаңақорғанда 19 үйірме жетекшілері жалған есеп тапсырып, 127 миллион теңге жымқырған. Осындай олқылықтардан кейін прокурорлар облыстың барлық ауданында тексеріс жүргізіп жатыр.

Ризабек Ожаров, облыс прокуроры

Жалпы үйірмелерге қатыспаған 2 мыңнан астам бала анықталып, 450 млн. теңгеге жуық мемлекетке залал келтірілгені анықталып отыр. Бүгінгі күнге нақты кәсіпкерлермен мемлекетке 50 млн. жуық теңге қайтарылды. Басқа жағдайда адал қызмет істемеген кәсіпкерлерге құқықтық баға берілетін болады.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу