Биыл Жамбыл облысында тазалық акциясына 800 мыңға жуық тұрғын қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Жамбыл облысында тазалық акциясына 800 мыңға жуық тұрғын қатысты

28.12.2024

Биыл Жамбылда тазалық жұмыстарына 10 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Оған айналаны абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ тал көшеттері отырғызылды. Бұл жайында қала ардагерлері жастармен жүздесу барысында айтты. Тазалық алдымен адам санасынан басталады деген қариялар колледж студенттерін экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды. Жалпы көктемнен бері Таза Қазақстан акциясына 800 мыңға жуық адам қатысқан. Олар 150-ге жуық саябақ пен тынымбақты, 830 шақырым су арнасын, 137 мыңнан аса ауланы тазартты.

Сауранбек Жамалбеков, қалалық Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы:

Жастар келешек біздің елдің ұстынын ұстайтын азаматтар. Сол себептен қазірден бастап осы азаматтарға қазір көтеріліп жатқан мәселені құлақтарына енгізсек тазалыққа көңіл аударып, өздерінің жүріс тұрысына көңіл аударып отбасындағы тазалыққа көңіл аударып сондай болса, қалған азаматтар да осыдан кейін көңіл аударатын шығар деген ойдамыз.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу