Билеттің қымбаттығы – бәсекенің жоқтығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билеттің қымбаттығы – бәсекенің жоқтығы

29.12.2024

Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында жалпы көлік саласындағы мың сан мәселе, оның ішінде азаматтық авиация бойынша қып-қызыл айтыс болды. Мысалы, ұшақ билеттерінің бағасы мен рейстердің кешігуіне орай эмоция, бейнелеп сипаттағанда «ернеуінен асты». Депутат Еділ Жаңбыршинның «Эйр Астана» басшысы Питер Фостерге шүйліккен эпизодты айтамыз.

Бір жағынан көпшіліктің зығырданын қайнатқасын сөйтеді. Екінші жағынан аңдамай сөйлеп, расистік пікір шығып кетті. Жақсы, эмоцияны ысырып қойдық. Сабырмен баяндайық. Неге ұшақ билеттері тым қымбат, ұшақтар кестеден неге жиі кешігеді?

Иә, әуе компаниясының табысты болуы оңай шаруа емес. Бұл ауқымды әрі күрделі бизнес. Бірақ жолаушылар жаппай және үнемі әсіресе билет саясатына наразы болса, ол бизнестің қожайындары ылғи жымиып қойып «бәрі нарық заңы» дей берсе, дауыстың ырғағы өзгермей қоймады-ау...

Амангелді Сейітхан сараптайды.


Хабарламаларға жазылу