Семей қаласында шырша құруға барған мұғалімнің құлап, ауыр жарақат алу оқиғасын талдап көрейік. №49 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстаз Қуат Айтқали 4-5 метр биіктен құлады.
Келіншегі Сымбат Аянқызының айтуынша, ері екі күн жансақтау бөлімінде жатқан. Басына ота жасалған. Оңалуға ұзақ уақыт керек. Ең жаманы – зардабы өмір-бақи шығар...
«Педагог мәртебесі туралы» заң осындай белден басуды тоқтату үшін де қабылданған еді. Мұғалімдер қоғамдық, басқа да шаруалар істеуден әбден титықтаған. Заң қабылданғалы бері жағдайдың біршама түзелгені айтылады. Бірақ түпкілікті тоқтамағанын білеміз.
Мысалы, жазда аптап ыстықта оңтүстіктің мұғалімдері көше тазалап жүрді. Бұл бір. Екіншіден, мұндай «шаруалар» бітпейді. Сонда оларды кім істеуі керек – адам жалдап істетуге бюджетте қаржы қарастырылған ба? Қарастырылмаса, қалай ұйымдастыру қажет?
Осының жауабын таппай, мұғалімдерді «көмектесіп жіберуге» шақыра береді. Мұғалімдердің өздері «бұл менің функционалдық міндетіме жатпайды» деп неге айтпайды дейсіз бе? Айтатындар бар.
Айта алмайтындарды да жазғыра алмайсың. Себебі жүйе танк сияқты, мыжып жібереді. Елдос Есенбол таразылайды.