Екі ел арасындағы тауар айналымы тоғыз айда 3.3 млрд долларға жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі ел арасындағы тауар айналымы тоғыз айда 3.3 млрд долларға жеткен

31.12.2024

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы биыл тоғыз айда 3.3 млрд долларға жеткен. Бұл соңғы төрт жылдағы рекордтық көрсеткіш. Екі жақты экономикалық байланысты одан әрі тереңдету жайын қазақ дипломаттары мен америкалық компания өкілдері және Қазақ-Американ іскерлік кеңесі талқылады. Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев еліміздегі инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып берді. Оның ішінде қарқынды өсіп келе жатқан финтех экожүйесіне жеке тоқталды. Келер жылы тікелей әуе рейстері ашылса, екі жақты экономикалық және мәдени байланыстар одан әрі нығая түсері де айтылды. 

Жалғас Сәдібекұлы 

Хабарламаларға жазылу