Биыл елімізде «Бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылады. Үкімет осы жылы денсаулық сақтау саласында іске асатын реформалар жөнінде мәлімдеді. «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы енді барлық өңірде қолжетімді болады. Жобаның мақсаты – жүкті әйелдерді тексеру кезінде инновациялық әдістерді кеңінен қолдану. Сол арқылы балалардың туабітті кінәратын немесе патологиялық ауытқуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Өткен жылы осы сынды «Бір терезе» жобасы арқылы перинаталды диагностика қызметін 35 мыңнан астам әйел пайдаланған.
Динара Жарқынбек