Жетісу облысына қарасты Үшарал-Достық тас жолында қар құрсауында қалып қойған 11 адам құтқарылды. Ауа райының күрт нашарлағанына қарамастан жергілікті тұрғындар бес көлікпен жолға шығып, діттеген жеріне жете алмай боранда қалып қойған. Төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен көмек сұраған азаматтарға барып, оларды Достық станциясына жеткізген. Құтқарылғандар арасында 3 бала бар. Айта кету керек, бүгін таңғы тоғызда «Үшарал-Достық», «Мақаншы-Жалаңашкөл» тас жолдары жабылғаны туралы ескерту жасалған.
Қуаныш Қанатұлы