Шымкентте қаржы жымқырған әкімдік қызметкері 8 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қаржы жымқырған әкімдік қызметкері 8 жылға сотталды

06.01.2025


Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының жетекшісі қазына қаржысын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды. Мемлекеттік қызметкер лауазымын пайдаланып, 700 млн теңгені талан-таражға салған. Ол көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, қоқыс жәшігі, бой сергіту және ойын алаңдарын салуға қажетті құрылыс материалдарының бағасын жобалау құжаттарында әдейі қымбатқа бағалаған. Осылайша атқарылған жұмыстан артылған ақшаны құрылтайшылармен өзара бөлісіп келген. Сондай-ақ мемлекетке 194 млн теңге салық төлемей келген мердігер компанияның басшылары да 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу