Еуропада маусымдық тұмау өршіді. Франция мен Испанияда ауруханаға түскендердің саны соңғы бір аптада күрт көбейген. Дені 15 жасқа дейінгі балалар мен 60-тан асқан адамдар. Румынияда дерттен төрт адам қаза тапты. Жұқпалы аурудың таралуына тосқауыл қою үшін дәрігерлер халықты тұмауға қарсы екпе салдыртуға шақыруда. Сондай-ақ, Еуропаның бірқатар елдерінде ауруханаларда, адам көп шоғырланатын жерлерде қайтадан маска тағуға кеңес беріп жатыр.
Нұрсұлу Қасым