Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай Павлодар облысының мәдениет күндері басталады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев хабарлады. Оның аясында «Ертіс – қимақтар өзені» атты көрме, «Ғашықтар хикаясы» спектаклі және гала-концерт ұйымдастырылады. Ал, «Қазанат» ипподромында ұлттық ойындардың көрсетілімдерімен қатар, бірнеше спорттық сайыс өтеді.
Сондай-ақ, облыс тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Оған өңірден 435 тонна көлемінде өнім әкелінбек. Павлодар облысының мәдениет күндері тамыз айының 19-23-і аралығында өтетін болады.
Малика ҚАЛҚАМАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20498/)