«Еңбек» республикалық кәсіпорны басшылары күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еңбек» республикалық кәсіпорны басшылары күдікке ілінді

08.01.2025

«Еңбек» республикалық кәсіпорны басшыларының жемқорлық әрекеті әшкере болды. Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпарынша, кәсіпорын директорының орынбасары мен басқарма бастығы пара алды деген күдікке ілікті. Олар мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және солар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде ақша алып отырған. Енді олар сот санкциясымен қамауға алынды. 

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу