Интернет алаяқтық: Қарағанды облысында 232 sim-карта тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет алаяқтық: Қарағанды облысында 232 sim-карта тәркіленді

08.01.2025

Интернет алаяқтық тиылмай тұр. Қарағанды облысында 200-ден астам sim-карта мен арнайы құрал жабдықтар тәркіленді. Күдікті ретінде Теміртау қаласының 34 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олар ұялы байланыс құрылғыларының сәйкестендіру кодтарын заңсыз өзгертіп қолданды және таратты деп айыпталуда. Ұсталған күдіктілердің пәтерді жалға алғаны, онда арнайы жабдық орналастырғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу басталды. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу