«Метапневмовирустың» тарауы қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис Женевада өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. Оның мәлімдеуінше, Қытайда бұл инфекцияға шалдығу деңгейі қыс маусымындағы қалыпты нормадан асып кетпеген. Осы аурумен госпитальге түскендер саны былтырғыдан көп емес. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытайда қазір адамға тән метамневмовирус өршіп тұр.
Аталған вирусты жұқтыру деректері біздің елде тіркелген еді. Денсаулық сақтау министрлігі 30 адамнан анықталғанын бұған дейін хабарлаған болатын. Ал Оқу-ағарту министрлігі мектептерде 3-тоқсан дәстүрлі форматта жалғасады деді.
Арыстан Рысбек