Колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылып жатыр. Енді олар жаңа мамандықтар атласының өзекті талаптарына сай болады. Маңғыстау облысы әкімінің айтуынша, өңірдегі бірнеше колледж «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» және «Гидрогеология, инженерлік геология» мамандықтары бойынша кадр даярламақ. Қазір, аймақта 65 мамандыққа 98 біліктілік бойынша 5 615 грант бөлінген. Ал алдағы оқу жылы ІТ hub ашу мен бизнес стартаптарды дамыту сынды жобалар жоспарланған. Ұлттық кәсіптер сыныптауышы 2018 жылы енгізілді.
Жәния Сармурзина, Маңғыстау облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы:
Осы бойынша іс шаралар жоспары жасақталды. Ол іс-шаралар жоспарының ішінде бізде ІТ hub ашу, сонымен қатар қалалық чемпионаттар өткізу, салалық аккредиттеуден өту, жаңа мамандықтар ашу, жаңа идеяларды хакатон жүргізу, жаңа бизнес стартаптарды дамыту және бірнеше құзіреттілік орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз.
Қарағанды облысында 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Үкімет отырысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осылай деді. Оның айтуынша, бұл мақсатқа өңірдің ірі кәсіпорындары тартылып, 300 компаниямен ынтымақ жүргізу жұмыстары қол алынды. Олар түлектердің жұмыспен қамтылуына кепілдік бере отырып, қажетті мамандарды даярлауға тікелей қатысады. Қазір өңірде 52 колледж 128 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Биыл кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшы мамандықтарға гранттар саны 20%-ға артып, 9600-ге жеткен.
Әсел Сапарова, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің директоры:
2025 жылды Мемлекет басшысының «жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы бұл өте жақсы. Бірнеше жылдан бері осы кәсіптік-техникалық білім жүйесіне өте үлкен көңіл бөлініп отыр. Әсіресе осы еңбек нарығына қажет, еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандарды даярлау біздің басты міндетіміз.
Темірлан Нұрсолтан, Серік Жұмабек