«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оң ықпал етті. Әсіресе жастар бұл бастамаға ерекше қолдау білдірді. Көшелерді қоқыстан тазартты, аулаларды абаттандырды, жүздеген тал-терек екті. Әр сенбіліктен қалмай, өзгелерге үлгі болды. Студенттер бас қосқан жиында Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатында «Таза Қазақстан» идеясы ұлттық идеологияның аса маңызды бөлігіне айналуы тиіс» деген сөзіне мән берілді. Жастар игі іске биыл да үлес қосуға ниетті.
Азиза Матякупова, колледж студенті:
«Таза Қазақстан» акциясына қатысу мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен маңызды қадам болды деп санаймын. «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» деген сөз табиғаттың қаншалықты таза болғаны адам баласына соншалықты әсер ететінін растайды.
Ал Жамбыл облысындағы «Amanat» партиясының өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында тарихи, мәдени орындарды тазартты. Аса ауылындағы «Ардагерлер» аллеясының қураған шөбін шауып, тұрмыстық қалдықтарды шығарды. Бүгінге дейін ауқымды акцияға партияның 10 мыңнан астам мүшесі қатысқан.
Талап Әбдібеков, «Amanat» партиясы Жамбыл аудандық Филиалының төрағасы:
Қоғамда тазалық этикасын, тазалық тәрбиесін нығайту, осы бойынша жұмыстар жасау болатын. Енді ауданымызда біраз жұмыстар атқарылды. Нысандарды, көптеген демалыс орындарын тазалау жұмыстарын жасадық.
Ардақ Мұратқызы