Қазақстандағы теміржолдың 2800 шақырымнан астамы жөнделді. Тағы 1000 шақырым жаңа жол салынып жатыр. Президент қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев осылай деп есеп берді. Cонымен қатар бірқатар жаңа жобаларды таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді жоспарлы іске асыру Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы:
Өндіріс көрсеткіштері артуда. Жүк айналымы 272 тонна км құрады. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалдау рекордтық көрсеткішке жетті. Темір жолдарын салу жобаларына ерекше назар аударылды. Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жол және Алматыны айналып өтетін жол құрылысы биыл аяқталады. Сонымен қатар терминалдар салынып, цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр.
Оңғар Алпысбай