Президент Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

10.01.2025

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады. Ал Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздер аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу