Үш жылдай бұрын Şam деп аталған тәуелсіз қазақ театры құрылған еді. Театрдың негізін қалаушылардың бірі – таланты тәнті етіп жүрген режиссер Фархат Молдағали. Сол театр Астанаға гастрольдік сапармен келді.
Алғашқы қойылым «№ 37» деп аталған. Әзербайжан драматургы Исмаил Иманның «Астара бақтары» атты шығармасын негізге алған.
... Терактіге ұқсайтын жарылыс болады. Расул есімді жігіт із-түссіз жоғалып, сүйегі табылмаса да, жерленеді. 37 деген нөмірмен. Дегенмен жігіт апаттан аман қалған. Расул құқық қорғау органдарының қудалауынан қорқып, басы ауған жаққа қашады. Жарылысқа өзімді кінәлі етер деп, жоқ болып кетеді.
15 жылдан соң Расул оралады: бірақ тіпті ата-анасы қуанбайды. Ал жігіт болып қалған ұлы оны танымайды да. Қойылымға Ғалымжан Молданазардың «Жауап бар ма?» әні таңдалыпты.
«...Бітпейтін ұзын-қысқа, біздегі дағдарысқа
Дауа бар ма?!
Мендегі мың сұраққа, сендегі мың сұрақта
Жауап бар ма?!»
Амангелді Сейітхан тәуелсіз театрдың шамы қалай жанатынын байқап қайтты.