Атырауда бір мектептің оқушылары онлайн оқуға жіберілді. Өйткені мектепте жарық жоқ.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Нұрсая шағын ауданына қарасты №37 Салық Зиманов атындағы орта мектеп оқушылары қысқы демалыстан шыққалы бері онлайн форматта білім алып жатыр. 4 қаңтар күні электр желілерінің бірінен ақау шыққан. Сол кезде жауапты мекемеге хабарланғанымен жұмыстар әлі бітер емес. Қазір 3 техника мен 10 қызметкер жарықты қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Ал білім ордасына генератор арқылы жылу берілуде. Жалпы, мектеп 2017 жылы пайдалануға берілген. Қазір мұнда екі ауысымда 1300-дей бала білім алады. Ал оқушылардың қашан мектепке оралатыны әзірге белгісіз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт