Тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары барлық аймақта қарқынды жүруде. Мәселен, Қарағанды облысында 13 ірі жоба іске асты. Жалпы, аймақта 1 125 шақырым жылу желісі бар.
Өткен жылы соның 30 шақырымға жуығы жаңғыртылды. Алайда 60 пайыздан астам құбырдың тозығы жеткен. Жыл сайын жылумен жабдықтау желілерін жаңарту үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жобалар жүзеге асып келеді.
Жанар Әжібек, облыстық Энергетика және газдандыру бөлімінің бас маманы:
Қарағанды қаласында 5 жоба: ірі жоба ретінде 3 жылу магистарлін айтуға болады. Саран және Балқаш қалалары бойынша 4 жоба, Теміртау қаласы бойынша 4 жоба іске асты. Жылу желілері қайта жаңартылып, толық жөндеуден өткен.
Жандос Бақытұлы