Елімізде мопедті тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі көбейді. Яғни, тек жүргізуші куәлігі болуы жеткіліксіз.
Транспортты тіркеу үшін жеке куәлік керек. Жүргізуші тіркеу жарнасы мен техникалық құжат үшін салық төлегенін растайтын түбіртекті көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, мопедті тіркеу туралы арыз бен оның сипаттамасы жазылған анықтама керек. Егер бар болса, бұрынғы техникалық құжаты мен мемлекеттік нөмерін көрсету міндетті. Транспорт басқа адамға рәсімделіп жатса, сенімхат міндетті түрде қажет.
Бұл құжаттар тізімін Ішкі істер министрлігі жариялады. Бұйрық 5 сәуірден бастап күшіне енеді. Мопедтерді тіркеу қаңтардың екінші жартысында басталады.
Еске сала кетейін, қос дөңгелекті көлікті тіркеу және оны басқаратындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттелген болатын. Тек 16 жасқа толғандарға мопед басқару құқығы берілді.
Айдана Қуантхан