Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық азаматтардың бәрі ауруханадан емделіп шықты.
25 желтоқсанда «Баку-Грозный» бағыты бойынша рейсті орындаған «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. 38 адам қаза тауып, тірі қалған 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында Қырғызстанның үш азаматы болды. Олар 30 желтоқсанда Қырғызстанға жеткізілген еді.
Азамат Бейбітұлы