«Газпром» компаниясы 1,5 мың адамды жұмыстан қысқартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Газпром» компаниясы 1,5 мың адамды жұмыстан қысқартпақ

14.01.2025

Ресейдің «Газпром» компаниясы 1,5 мың адамды жұмыстан қысқартпақ. Бұл мәліметті компанияның ақпараттық саясат департаментінің бастығы Сергей Куприянов растады.

Соңғы 20 жылда Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі орталық аппаратта істейтін қызметкерлердің саны бірнеше есе өскен, жалақы қоры 50 млрд рубльге жетті. Forbes-тың мәліметінше, «Газпром» 2023 жылдың ең шығынды компаниялары рейтингінде бірінші орынға шыққан.

Қазан айының соңындағы жағдай бойынша компанияның 2024 жылдың үш тоқсанындағы шығыны 309 млд рубльге жетті.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу