Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылуына және орнықты даму саласындағы арнайы сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты. Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.
«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» – орнықты даму және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші жаһандық алаңдардың бірі. Жиын жасыл технология мен энергияның қайта жаңартылатын көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға бағытталған.
Азамат Бейбітұлы