Мемлекет басшысы қайта сайланған Хорватия Президентін жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады. Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.
Самал Қабышева