«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті.
Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады. Мемлекет басшысы еліміз Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді.
Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Оңғар Алпысбайұлы