Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында химиялық зат тасымалдаған жүк көлігі аударылып қалды. Беларусь Республикасынан келе жатқан көлікте 21 тонна қауіпті қоспа болған.
Жолдан шығып кетіп, бір жағына қисая құлаған көліктен сұйықтығы бар ыдыстар аударылған. Бірақ сыртқа төгілмеген. Төтенше жағдай қызметкерлері қоршаған ортаға ешқандай залал келмегенін анықтады.
Ардақ Мұратқызы