Қызылорда облысында ақбөкен атқандар миллиондаған айыппұл арқалап, бас бостандығынан айырылды. Түз жануарын жайратып салған екі айыпталушының бірі полиция қызметкері.
Аң аулауға шыққандарды табиғат инспекторлары ұстады. Олардың көлігін тінту барысында 30-дан аса өлі ақбөкен табылған. Қоршаған ортаға келтірген залал 80 миллион теңге. Екі айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 және 7 жылға сотталды. Сондай-ақ, олардан мемлекетке 77 миллион теңге өндірілді.
Әділбек Серікұлы