Ақтау қаласы маңында ұшақ апаты болған жердің топырағынан сынама алынды. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы Әзербайжан ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соған орай, ұшақтың құлаған жерінде қоршаған ортаның ластануын анықтау үшін, облыстық экология департаментінің мамандары топырақтан сынама алды.
Еске салайық, 25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйға бет алған Әзербайжан ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырап, бортта болған 67 адамның 39-ы қаза тапты. 28 жолаушы аман қалды.
Аягөз Оралбайқызы