Солтүстік Қазақстан облысында 116 елді мекенді су басуы мүмкін.
Төтенше жағдай қызметі қауіпті аймақта орналасқан қалалар мен ауылдарда тасқынға қарсы дайындықты күшейтті. 250-ге тарта эвакуациялық пункт әзірленді. Өңірдегі басты гидронысан – Сергеев су қоймасы әлі де тасып жатыр. Жыл басында 4 сантиметрге көтерілген өзен деңгейі біртіндеп түсіп келеді дейді мамандар. Алайда нысан әлі де 101 пайызға толып тұр. Өзеннің қыс бойы тасып жатуы тарихта болмаған құбылыс. «Қазгидромет» өкілдерінің айтуынша, оған жаз бойы толастамаған жаңбыр мен қыс жылы болғандықтан жер асты суының көтерілуі себеп. Қазір негізгі күш бөгеттердің құрылысына бағытталып отыр. Ал наурыз айында өзен-көлдерде мұз жару жұмысы басталады.
Ернар Рүстем, СҚО ТЖД бас маманы:
73 шақырымнан артық бөгеттер мен бөгендер салынды. 117 су құбыры жолдарға қойылды. Елдімекендерде қарды сыртқа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Эльмира Кәленова