«Әлеуметтік әмиян»: 470 мыңнан астам тегін дәрі-дәрмек берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік әмиян»: 470 мыңнан астам тегін дәрі-дәрмек берілді

16.01.2025

Еліміздегі цифрлық сервистер қазақстандықтардың медицина саласындағы қызметтерді алуды күннен-күнге жеңілдетіп келеді. Мәселен «eGov Mobile» қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR-код арқылы пациенттер тегін дәрі-дәрмек ала алады. Былтыр қараша айында іске қосылған қызметтің арқасында мемлекет қаржысы есебінен бүгінде 470 мыңнан астам рецептінің негізінде дәрілік заттар берілген.

Бұл сервиске 700-ден астам медициналық ұйым қатысады. Бірнеше қалада пилоттық жоба ретінде жұмыс істеп жатқан сервис биыл бүкіл республиканы қамтымақ. Цифрлық қызметті алу үшін «eGov Mobile» қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» бөліміне өтіп, «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жолын таңдау керек. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу