Ресейде қыс басталғалы 150-ден астам адам суға батып кетті. Әсіресе жұқа мұздың үстіне шығып, балық ауламақ болғандар зардап шеккен. Якутск, Сахалин, Хабаровск облыстарында оқыс оқиғалар жиі тіркеледі. Сондықтан енді кей өңірлерде рұқсат етілмеген жерде балық аулағандарға 5 мың рубль, яғни 25 мың теңге айыппұл салынады. Заң бұзушылық бірнеше рет қайталанса, қылмыстық іс қозғалмақ. Сондай-ақ браконьерлерге де жаза қатаңдатылады. Заңсыз балық аулағандар 2,5 млн теңге айыппұл арқалап, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Индира Бегайдар