Арнайы құрбан шалынып, 5 мыңдай адамға дастархан жайылды. 300 келі палау, 1 мың литр қымыз және өзге де тамақ түрлері таратылды. Сондай-ақ, келушілерге оңтүстіктің тәттілері тіл үйірер жеміс-жидектері мен қауын-қарбызы тегін үлестірілді. Шараның мақсаты - асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Этноауыл кешенінде Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында Құрбан айт мерекесі тойланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20559/)