«Ең бірінші бақытым - тілім менің». Осындай атаумен бүгін Астанадағы Жастар театрында байқау өтті. Оған «Самрұқ-Қазына» акционерлік қауымдастығындағы компаниялардың қызметкерлері қатысты. Басым бөлігі өзге ұлт өкілдері. Шара КВН форматында ұйымдастырылды. 5 кезеңнен құралған. Оның аясында қатысушылар мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетіп, өлең-жыр, ән мен күй орындады. Мұндай конкурстар бұған дейін де өткен. Жыл сайын шараның ауқымы мен деңгейі өсіп келеді. Мұндай жобалардың арқасында мемлекеттік тілдің мәртебесі асып, қолданыс аясы одан әрі кеңейе түсуіне сенім мол. Ұйымдастырушылардың ұйғарымы осындай.
Азамат НҰҒЫМАНОВ