Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» дәстүрлі фольклорлық өнер фестивалі өтті. Дүбірлі шараға 10 мемлекеттен музыканттар келді. Ғылыми-танымдық конференцияда ғалымдар Қорқыт туралы тың деректермен, түбі бір түркі әлемінің әлі зерттелмеген мұралары туралы ой қозғады.
Ал, Қорқыт ата кесенесі жанындағы амфитеатрда өткен гала-концертте өнерпаздар көнеден келе жатқан сазды аспаптардың сарынына құлақ құрышын қандырды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20674/)