Жасанды интеллект Қазақстанда 1 миллион жұмыс орнын алмастыруы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген зерттеудің нәтижесі осындай. Жұмыстың 25 пайызы толық автоматтандырылады. Оның 12 пайызы жасанды интелектінің көмегімен жүргізіледі. Яғни 2 млн 200 мың адамның жұмысын роботтар орындайды. Оның ішінде 1 млн-нан астамы жасанды интеллектіге тиесілі. Әсіресе ірі мегаполистер мен өнеркәсіп дамыған аймақтарда жұмыстың 33-36 пайызы адамның қатысуынсыз орындалуына мүмкіндік бар.
Оңғар Алпысбай
